Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2016

813

Тараз қаласы халықаралық телекөпірге қатысты

            Москва, Санкт-Петербург, Челябинск, Пермь, Астана, Тараз және басқа да ТМД қалаларының  еврей қауымдастықтары әлеуметтік желі  байланысы бойынша «Үлкен отбасындағы тәрбие. Отбасы құндылығы, мәдениеті мен дәстүрі» жобасымен танысты.

            Дәріс-вебинар және семинар практикум бар алты курстың бірінші сабағын «Жақсы қоршаған орта» сайтының басшысы Дмитрий Лысак (Россия) және Хайф университетінің оқытушысы, «Бақытты балалық шақ» жобасының басшысы Эли Винокур (Израиль) жүргізді.

            Бір жыл бұрын Тараз қаласында  Қазақстандағы Литва Республикасы елшісінің міндетін атқарушы Адомас Давалгидің қатысуымен «Ореп ТV»  телеарнасы ашылған кезде, елді «осы бір интернационалды команданың көздегені не?» деген сұрақ мазалаған еді. Шын мәніне келгенде, көп нәрсе қызықтырып біріктіреді екен. Мысалы, мемлекеттер арасындағы этномәдени байланыстарға әлем аудиториясының назарын аудару.

            Бұл жолғы семинар аясында Эли Винокур еврей халқы отбасындағы бала тәрбиесі және ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы бойынша дәріс оқыды.

            Семинарға қатысушылар онлайн-семинар барысында көптеген түйіні шешілмеген сұрақтарға жауап алды. «Шиват Цион» еврей мәдени орталығы Жамбыл облысы бойынша қоғамдық бірлестіктің төрайымы Людмила Корнилина тараздық топтың мүшелерін таныстырып өтті. Оның құрамына педагог ұстаздар, мектеп психологтары мен әлеуметтанушылары және жоғары оқу орындарының студенттері кіреді.

            Онлайн-семинар барысында әр қаланың қатысушылары өздерінің басынан өткен бақылаулары мен күйзелістері жайында ашық әңгіме өрбітті. Телекөпірге қатысушылар арасында түрлі ұсыныстар мен жаңа идеялар туындады. Мұндай кездесулер адам өмірінде маңызды, себебі бұл жерде адамдар өздерін және өзгелерді бағалауды, басқа адамның ойын тыңдап, өмір сыйлаған құндылықтарды қадірлей білуге үйретеді.

            «Отбасы құндылықтары» атты келесі телекөпір 22 мамырда өтеді.

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз-қызметі 

Кейін қарай