07 Қазан, 2015
3680
Тараз қаласында «Ұлы Дала Елі» халықаралық форумы өз жұмысын бастады
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде жолға шыққан «Ұлы Дала Елі» экспедициясы өз сапарын Тараз қаласында түйіндеді. Экспедиция бір мезгілде үш бірдей қаладан-Астана, Ақтау, Павлодар шаһарларынан бастау алып, еліміздің барлық аумағын қамтыды. Осы уақыт аралығында экспедиция мүшелері мыңдаған отандастарымызбен жүздесіп, тарихи орындарда зерделеу жұмыстарын жеткізді. Қол жеткізген табыстар қомақты. Мұның барлығы да экспедицияның қорытындысына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің фоесінде қойылған көрмеде көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар ауқымды шараның мәреге жетуіне орай аталмыш оқу ордасының мәжіліс залында «Ұлы Дала Елі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәні терең, маңызы үлкен басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, форумға белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов, арқалы ақын Шөмішбай Сариев, тіл жанашыры Асылы Осман және басқа да қоғам қайраткерлерімен қатар ҚХА мүшелері, ТМД елдерінің белгілі тарихшылары, экспедиция мүшелері қатысты.
Халықаралық форумды ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары- Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов дүйім жұртты тау-тұлғаларымызға тәу ететін, тәуелсіздігімізге тәубе десетін Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, «Ұлы Дала Елі» экспедицияның атқарған жұмысына тоқталды.
– «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы серіктестермен бірлесе отырып ұйымдастырылған болатын. Астана, Ақтау, Павлодар қалаларынан бастау алып, бір айға жуық тарихы бай еліміздің көрнекті орындарын аралаған сапар қатысушыларының басы жуырда киелі Әулиеата жерінде түйісті.
Экспедиция барысында өңірлер халқымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «Мәңгілік ел мұраты – ел бірлігі» тақырыбына кездесулерлер өтті. Қазақстан мемлекеттігінің негіздеріне және Қазақ хандығының тарихына арналған «Жер тарихы – ел тарихы» тақырыбы бойынша сұхбаттар ұйымдастырылды. Экспедицияның жүру бағытындағы қалаларда, кенттерде және ауылдарда орналасқан кітапханалар мен мұражайларға кітаптар сыйға тарту көзделген «Теңдессіз сый» акциясы да өткізілді.
Халықтың Отанға, туған жерге, біріктіруші ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, қазақ мемлекеттігі мен тарихи-мәдени мұраларды зерделеуге үлкен үлес қосқан сапар Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігін нығайта түскені сөзсіз, – деді Е. Тоғжанов.
Келесі сөз кезегін облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мажуов алды. Өз сөзінде Ерқанат Нұрбапаұлы еліміз үшін атаулы мерекеге келген меймандарды елдік тойымен құттықтап, мерейтой аясында өтетін шаралар кезегіне тоқталды.
– Ел болып күткен мемлекетіміздің тарихына алтын әріптермен жазылатын Қазақ хандығының 550 жылдық тойы Тараз қаласында бастауын алды. Бұл мереке бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтардың айнымас бірлігі мен ынтымағының тойы. Осы той аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елімізді аралап шыққан «Ұлы Дала Елі» экспедициясын қорытындылау үшін кең көлемді халықаралық конференциясы жұмысына сәттілік тілеймін.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде «Әдетте, Жапонияны – күншығыс елі, Кореяны – таңғы шық елі, Нидерландыны – қызғалдақтардың отаны, Қытайды – аспанасты елі деп жатамыз. Қазақстанға да осындай атаулы бренд жетіспейді.Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық, сондықтан бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы Дала Елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы осы – Ұлы дала елі» – деген еді. Біз, жамбылдықтар, «Ұлы дала елінің» әлем танитын брендке айналарына сенеміз!, – деп облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуов ақ тілегін білдірді.
Жиын барысында, сондай-ақ, ақын Шөмішбай Сариев сөз алды.
– Ұлы Дала елі – елдің ұранына айналуға лайықты сөз тіркесі. Осы орайда, Қазақ хандығының туы тігілген тасын түртсең тарихы ақтарылатын, киелі Тараз қаласының қасиетіне басымды иемін, – деген ақын хандық тойы мен Әулиеата жеріне арнап, жыр нөсерін төгілтті.
Бұдан бөлек, форум аясында Шығыс Қытай университеті жанындағы зерттеу орталығы директорының орынбасары Ян Чен, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әміржан Әлпейісов, тарихшы ғалым Нұрбек Шаяхметов, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков және өзге де ғалымдар мен экспедиция қатысушылары сөз сөйлеп, ой толғаныстарымен бөлісті. Тараздықтар мен жалпы қазақ елін ұлттың ұлы тойымен құттықтады. Экспедиция барысында кездескен жайттарды жария етіп, ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді. Форум соңында «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы қатысушылардың жазбаларынан тұратын үш томдық күнделік таныстырылды. Форум қорытындысы ретінде оның қатысушыларының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа арнаған үндеуі қабылданды.
Тарих тағылымын танытқан ауқымды форум жұмысы ертең де жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10