06 Қыркүйек, 2021
408
Тараз қаласының Достық үйінде ЭМБ өкілдері Президент жолдауын талқылады
Тараз қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, этнос жастары арасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Алқалы жиынға Қоғамдық келісім кеңесінің төраға орынбасары Абдырахман Зайнутдинов модераторлық етті. Алғашқы сөз Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Рысбай Орынбайға берілді.
- Еліміздің тұғыры мемлекеттік тілде екенін кешегі Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айрықша атап өтті. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Бұл тілдің құдіреті ерекше. Қуантарлық жайт - Мемлекеттік тілді еліміздегі түрлі этнос өкілдері жарыса оқуда. Қазақ тілін оқытатын арнайы мектептер ашылып, ондағы жастардың қарасы көбейгені де көңілге жылулық ұялатады. Алайда, жастарымыз ресми тіл – орыс тілін жетік меңгерсе еш ұтылмайтынын ұмытпаған жөн, орыс тілі қашанда халыкаралық тіл болып келген және қала береді, - деп ерекше атап көрсетті ол.
Сондай-ақ, ассамблея жастарының атынан сөйлеген Шұғыла Жұманғалиқызы қоғамдағы жастардың рөлін тілге тиек етті. Оның айтуынша, патриотизм – бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі.
Кездесу соңында этнос өкілдері Мемлекет басшысының үндеуін қолдап, басты байлық - бірлікті қадірлеуді мақсат тұтып, ортақ ой, бір тілектің аясында бірікті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті