Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

850

Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдени күні өтті

Іс-шараның мақсаты - этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Дәстүрлі түрде өтетін этнос күні «Singende Herzen» вокалдық тобының 10 жылдық мерейтойлық концертімен тұспа-тұс келді. Этнос күнінде ансамбль «Zu tirol gehört das jodeln», «Mein schatz» «Das rote Pferd», «Schön ist die Jugend» сияқты халық әндерін орындады.


«Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнердің айтуынша, бірлестіктің барлық мүшелері дәстүрлерді сақтауға, тіл үйренуге және ұлттық мерекелерді бірге атап өтуге белсенділік танытты.

- Біз барлық мемлекеттік мерекелерді бірге тойлаймыз. Біздің ансамбль мемлекеттік және ұлттық мерекелер кезінде қала сахналарында өнер көрсетеді. Барлығымызды музыкаға және неміс мәдениетіне деген сүйіспеншілік біріктіреді, - деді «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Александр Гибнер.

Кейін қарай