29 Наурыз, 2021
809
Таразда «Қазақстандағы неміс театры» тақырыбында кездесу өтті
Тараз қаласының Достық үйі ғимаратында 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы неміс театры» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - неміс этносының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу. Кездесуге неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен жастар қанаты қатысты.
Этномәдени бірлестік төрағасы Александр Гибнер қатысушыларды Қазақстандағы неміс театрының тарихымен таныстырып өткен соң, қызықты форматта викториналық ойын ұйымдастырды. Сауалдарға дұрыс жауап берген көрермендерге құнды сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, Қазақстандағы бірінші неміс театры 1975 жылы ҚазКСР мәдениет министрлігінің №34 бұйрығымен ашылған. Қазіргі таңда республикалық Неміс драма театры неміс халқының мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға үлес қосып жүр. Жыл сайын театр репертуары жаңартылып, оған өзге елдердің сазгерлері мен режиссерлері тартылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32