
13 Қыркүйек, 2021
528
Таразда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының тиімділігі сөз болды
Тараз қаласында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ғимаратында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында облыстық Кәсіпкерлер палатасының Байзақ аудандық филиалының директоры, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Нұрбек Жаманқұлов аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында Президенттің биылғы жылғы кезекті Жолдауындағы «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» тәрізді т.б. бағдарламаларының мерзімі ұзартылатыны талқыланды.
Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Нұрбек Жаманқұлов:
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму» бөлімінде орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды жүйелеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың ұлттық жоспары және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қабылданғанын атап өткен еді. Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды, - деп атап көрсете келе, Ел Президентінің 70 мың жұмыс орнының ашылғандығы, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болғандығы жөнінде көрсеткен сараптамаларына қатысты талқылауға келіп отырған кәсіпкерлердің де ой-пікірлерін тыңдады. Оның айтуынша «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқан және ол 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізген.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі