16 Ақпан, 2022
518
Таразда «Естелік қоңырауы» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды
Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай, «Естелік қоңырауы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Композициялық кештің режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі Ольга Ізбасарова болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, патриоттық тәрбие беру және Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтау.
Әдеби-музыкалық кешке Ауған соғысының ардагерлері генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Дүкенбай Ермеков, Ералы Байшуақов және Жанна Жәңгірова, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқушылар қатысты.
Достық үйінің сахнасында Жамбыл облыстық орыс театрының актерлері зұлмат заманның зұлым көрінісін бейнелеп, көрермендерді сол қорқынышты жылдардың атмосферасына баурап алып кетті. Бұған қоса, кеш қонақтары «Белый танец», «Кукушка» әндерін тыңдады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагері генерал-майор Әлімжан Ерниязовтың қолынан алғашқы әскери тіркеу куәліктерін алды.
Кеш соңы Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығының мерекелік концертімен жалғасты. «Калинка» вокалды тобының «То не веточка черешни», «Как за Доном за рекой», «Солдатские сапоги», «Ах, эта война», «Я люблю эту землю» әндері көрермендер жүрегіне жол тауып, кештен жағымды әсер қалдырды. № 13 орта мектептің оқушысы Азалия Адилова «Мен бұдан былай соғыс болмағанын қалаймын» әнін орындады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді