27 Қараша, 2020
1575
Таразда «Еуразиялық кеңістіктегі қазақстандық бірегейлік» атты биеннале ұйымдастырылды
Тараз қаласының Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Еуразиялық кеңістіктегі қазақстандық бірегейлік» атты биеннале өтті. Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған биенналеге этномәдени бірлестік өкілдері, Тараз қаласының білім беру мекемелерінің студенттері, қала тұрғындары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - Еуразия кеңістігіндегі этностардың этномәдени өзара әрекеті арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру. Көрме Еуропа, Азия және Қазақстанның мәдени өмірінен сыр шертеді. Жиналған қауым Еуропа этноауылында орыс, украин, неміс этностарының ас үйімен танысты. Мирошникова Наталья қолөнер туындыларын жасау арқылы қатысушыларға шағын шеберлік сағатын ұйымдастырды. Этноауылда орыс этносының «Ручеек», украиндықтардың «Жмурки», поляктардың «Волк и овцы» сынды ұлттық ойындары ойналды.
Ал Азия мәдениетіне саяхат облыстық «Қоғамдық келісім» КММ «Үкілім-ай» би-ансамбльінің тәжік этносының ұлттық биін билеуімен басталды. Мұнда Азия халықтарының дәмі тіл үйірер ұн тағамдары таныстырылып, «Арқан тартыс» ұлттық ойыны ойналды. «Жамбыл облыстық тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Давлатова Гүлхумор тәжік этносының қолөнер туындыларымен таныстырды. Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің және Аналар кеңесінің мүшесі, меценат Гаюпова Лобара Орта Азиядағы көп тараған тағам самсаның жасалу әдісін айтып өтті.
Қазақ халқының мәдениетіне арналған этноауылда қаймағы бұзылмаған қазақтың салт-дәстүрі қамтылды. Өткеннен өнегелі тағылым беретін шара аясында әр этностың құндылығы, рухани-тарихи мұралары кеңінен насихатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты