29 Қыркүйек, 2021
501
Бірлік пен келісімді дамытуға бағытталған қадам
Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы және жастары ұйымдарымен бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.
Іс-шараның мақсаты - қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарды бірлесе іске асыру және жастардың ынтымақтастығын дамыту, нығайту.
Көптарапты меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі басшылары, Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының және аймақтық ассмаблея жастары, еріктілері, колледж, орта оқу орындары білімгерлері, облыстық БАҚ өкілдері атсалысты. Сонымен бірге, аталмыш шараға тараптардан - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы - Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы - Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы - Уәли Болатбек Уәлиұлы, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Алебаева Айжан Ортайқызы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы - Мамедова Парида Иманжановна қатысты.
Парида Иманжанқызы өз кезегінде: - Жамбыл өңірі жастарының өзара ынтымақтастығының бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі бірнеше тараптық ынтымақтастық меморандумы сіздер мен біздер үшін үлкен бастама. Өңіріміздегі бірлік пен татулықты, қоғамдық пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе атқарайық, - деп, көпжақты байланысты нығайтып, идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін назарға салса, ал, қол қоюшы тараптар да алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретіндігіне: - Бұл ынтымақтастықтың аясында түрлі шараларды өткізіп, өзіміздің жинаған тәжірибелерімізді алмасып тұрамыз. Біз бірлескен зерттеу, талдау, ғылыми жұмыстарды жүргізе аламыз!- деп сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды