09 Ақпан, 2021
796
Таразда «Калинка» вокалдық ансамблі 5 жылдығын атап өтті
Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қоғамы қоғамдық бірлестік ретінде 1993 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс жасап келеді. Этномәдени бірлестік облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған, өңірлік этносаралық келісімді нығайтуға, патриотизмді насихаттауға, мемлекеттік бірегейлікті құруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысатын ұжымдардың қатарына кірді.
Ал «Калинка» ансамблінің алғашқы кәсіби қойылымы Тараз қаласының Мәдениет үйінің сахнасында орыс халқының ою-өрнектерімен көмкерілген кестелі ұзын ақ-қызыл сарафандарын киген әйелдер ұжымы және «Радонеж» орыс этномәдени бірлестігі мүшелерінің орындауында «Ой, цветет калина» әнімен басталған болатын.
«Хоровод» биін және «Ой, цветет калина» әнін осы шығармашылық топтың негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Владимир Владимирович Сорокин сахнаға шығарып, облыста айтарлықтай жетістікке жетті. Осы қойылымнан кейін «Калинка» ансамблі атауын алған болатын.
Бес жылдан астам шығармашылық қызметінде В.Сорокин халықтық негізде аталмыш ансамбльдің көмегімен отыздан астам сахналық туындыларды ел назарына ұсынды. Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ансамбль мүшелерін 5 жылдығымен құттықтап, Жамбыл облысы өңірлік ҚХА іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Концерт барысында «Шолпан» қазақ әні, «Ляйсан тамчилары» вокалдық тобының қатысуымен «Эх, Тала, Тала» татар әні, «Ой нэ свиту мисяченьку» украин халық әні сияқты композициялары қойылды. Сондай-ақ, «За тихой рекою», «Голубая ночь», «Хмель», «Кумушка», «Не грусти, калинка», «Ночка луговая» және т.б. әндер шырқалды.
Іс-шара соңында «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы және «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокин шығармашылық топтың барлық мүшелеріне алғыс айтып, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті