13 Желтоқсан, 2021
471
Таразда ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.
Жиын барысында Республикалық Журналистер клубында назарға алынған және облыстық журналистер қоғамдастығының алдында тұрған өзекті мәселелер мен жаңа міндеттер талқыланды. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, Баспасөз қызметі қызметкерлері мен республикалық, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері, клуб өкілдері қатысты.
Парида Мамедова өз кезегінде Журналистер клубының мүшелерінің байқауларда алған жүлделеріне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, Парида Иманжанқызы 2019-2021 жылдар аралығында ҚХА Журналистер клубының жұмысын тыңғылықты, нәтижелі жүргізгені үшін республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі, облыстық «Арай» газеті мен қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің бас тілшісі - Саятхан Сатылғановты арнайы құттықтап, алғысхат табыс етті.
Сонымен бірге, өңірлік ассамблея ақпараттарын БАҚ беттерінде тиянақты жариялаған облыстық журналистер - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі - Хамит Есаманды, облыстық «Арай» газетінің тілшілері - Қамар Қарасаева мен Айжан Өзбекованы, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшілері - Индира Боташева мен Лариса Губашеваны, апталық облыстық «Магнолия» газетінің тілшісі - Михаил Бунинді, облыстық «Знамя труда» газетінің фотографы – Юрий Кимді «Қоғамдық келісім» КММ алғысхатымен марапаттады.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының жаңа төрағасы сайланды. Клуб мүшелерінің дауыс беруімен бірауыздан журналистер клубының республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Михаил Те сайланды.
Отырыс соңында клуб өкілі, ардагер журналист Михаил Бунин Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының жұмысы туралы өзінің арнайы әзірлеген жаңа ережесімен таныстыра келе, БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша семинар-тренингтер, шеберлік кластар өткізу жөнінде басшылыққа ұсынысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32