05 Наурыз, 2022
913
Таразда Халықаралық әйелдер күніне орай «Бақытты ана – бақытты бала» шарасы өтті
Тараз қадасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің салтанатты жиыны мен «Бақытты ана – бақытты бала» іс-шарасы өтті.
Шараны Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды. Мерекелік шараның шымылдығын Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова ашты. Өзінің алғы сөзінде Парида Иманжанқызы түрлі этнос өкілдерінен құралған облыстық ассамблея Аналар кеңесінің үлкенді-жас мүшелерін аталмыш мейраммен құттықтап, алдағы күндері мен іс-қызметтеріне сәттілік, әдемі жүздеріне қуаныш, дендеріне саулық, қажымас қайрат, сембес күш-қуат тіледі. Сонымен бірге, Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Сайдуллақызы да этномәдени бірлестік өкілдері мен кеңес мүшелерін 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады. Осыдан соң, өңірлік ассамблеяның іс-қимылдарына, яғни, мәдени-қоғамдық іс-шараларына аянбай атсалысқан кеңес өкілдерін алғысхаттармен марапаттады.
Іс-шара Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен этностардың қолөнер шығармашылықтарын халыққа, болашақ ұрпаққа дәріптеу және насихаттау мақсатында «Бақытты ана – бақытты бала» атты шеберлік сыныптарын өткізумен жалғасты. Шеберлік сағаттарында Әлия Махашева - жиналған жұртшылыққа қазақ халқының әйелдер бас киімі кимешектің қалай жасалатындығы мен тігу әдістерін көрсетсе, Бейбосынова Нұрхан - нәзік жандылар әшекей ретінде тағатын киізден түйіншектеліп жасалған жаңа үлгідегі моншақтардың дайындалу әдістерімен таныстырды. Сондай-ақ, Динара Тілендиева – шеберлік дәрістеріне қатысушыларға әр алуан маталар құрақтарынан ұлттық нақышта жасалған өз авторлық картиналарын тамашалатып, оның жасалу жолдарын көрсетті. Барлық қолөнер жұмыстары да жиналған қауымды рухани азық алып, көркемдік баға беру жағынан бей-жай қалдырмады.
Жиын соңы шараға қатысушы барлық мейрам иелерінің фото-сессиясымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті