04 Желтоқсан, 2018
4456
Таразда Корей халқы этностарының күні аталып өтті
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде корей халқы этностарының күні аталып өтті. Облыстық «Коре» кәрістер қауымдастығының жетекшісі Лаврентий Кан жүргізген басқосуда бүгінде түрлі этнос өкілдері кіндік қаны тамған Қазақстанды өзінің екінші Отаны санайтынын тілге тиек етті.
«Жол картасының жады. Тарихи жадыларды жаңғыртудағы жастар» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде осындай жайттар назардан тыс қалмады.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, аталған қауымдастықтың мүшесі Анатолий Пак қазақстанға қоныс тепкен ата-бабаларының тарихи тағдыры жайында кеңінен сөз қозғады. Жалпы этностық ұлттарға деген құрметтің белгісіндей Мемлекет басшысы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығын шығарғаны белгілі. Бүгінде сол Ассамблея тағдыры тоғысқан этностық ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін бір шаңырақ астында ұйытып, бірлігін нығайту бағытында толайым тірліктер атқарып келеді.
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор, қауымдастық мүшесі Илья Хе, белсенді жас Александр Мун және жоғары оқу орындарының оқытушылары аясында сөз алды. Олар 1939 жылғы депортация салдарынан Қазақстанға 96 мыңнан аса корей күштеп көшірілгенін, көпшілігі Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан облыстарына қоныстанғанын айтты. Бұл орайда жол азабын көріп жеткен корейлерді сол кезде қазақ халқы кең құшақпен қарсы алғаны жайында сөз қозғап, ризашылығын білдірді. – Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген корейлердің жанына батқан қиындығын тереңінен түсініп, ыстық ықыласын көрсеткен қазақ халқы бізге өте ыстық. Біздің ұрпақтарымыз қазақ топырағында өсіп-өніп, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп келеді, - дейді кәрістер бірлестігінің басшысы Лаврентий Кан. Саны аз болғанымен, корейлер ұлттық болмысын сақтап, мәдени орталықтары арқылы өздерінің ұлт ретіндегі ерекшеліктерін қастерлей білетін халық.
Ауқымды шарада корей халқының Қазақстанда қызмет көрсеткен ұлттық ансамблі туралы да айтылды. Бүгінде корейлердің қазақ елін өзімнің туған Отаным деп санайтын бір емес, бірнеше ұрпағы өсіп-өнуде. Кәрістер қиын-қыстау заманда қазақ халқының құшақ жая қарсы алғанын ешқашан да естен шығармайтынын ерекше ықыласпен айтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті