23 Қараша, 2016
616
Таразда «Мен Қазақстанымды мақтан тұтамын!» онлай-акциясы өтті
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және «Ақ желкен» лигасының жастары «Мен Қазақстанымды мақтан тұтамын!» атты онлайн-акция ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдулаева жиналғандарға өтіп жатқан акцияның мақсаты мен міндеттері, сонымен қатар біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздері туралы да айтып өтті. «25 жұлдызды күн» атты республикалық жоба аясында Ассамблея осындай онлайн-акция ұйымдастырып отыр. Акция барысында біздер тәуелсіз республикамыз бен сүйікті қаламыз туралы тағы да айта аламыз», - деп атап өтті мекеме басшысы.
Акцияға қатысушылар еліне, жеріне, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі мен құрметі туралы айта отырып, елін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін де айтып өтті.
Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілі, «Ақ желкен» жастар лигасының белді мүшесі Бекзот Мулладжанов жастар арасында қаланың көрікті жерлерінде фотосессия ұйымдастырды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті