26 Қазан, 2021
387
Таразда немістердің дәстүрлі мерекесі аталып өтті
Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жамбыл облысының Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Hallo, es ist Zeit für den Herbst!» мерекесі аталып өтті.
Бұл іс-шара «Erntedankfest» - «Егін жинау» науқанына арналған. Германияда неміс этносының салт-дәстүрі бойынша егін жинау мерекесі қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі екен. Бұл дәстүрдің түп-тамыры - рим салт-дәстүрінен бастау алады. Неміс халқы егін-астық берекелі шықса қуанып, оған қамқорлық жасаған Құдайға алғыс айту ретінде өз рәсімдерін жасаған. Сондай-ақ, ежелгі шаруалар егіннің өзіндік өсу немесе өлім рухы бар деп наным-сенім жасаған.
Сонымен бірге, бұл күні Құдай үйінің қабырғалары мол өнім берген жеміс-жидектермен және гүл шоқтарымен безендіріледі.
Аталмыш іс-шарадағы құттықтау сөз сөйлеу еншісі облыстық Немістер қоғамының директоры Николай Фастқа берілді.
Мерекелік жиын вокалдық және хореографиялық концерттік бағдарламаға ұласты. Атап айтсақ, бишілердің орындауында «Gemüsetanz» биі ұсынылды. «Überall sind schone Bunte Farben», «Hej Jo», «Juwel band», «Zicke zacke Juwel band», «Und war sie schon war noch einmal» және т.б. әндері шырқалды.
Кеш соңы көрермендердің «Көкөніс себетін көтерген қыз» сахна қойылымын тамашалауымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті