08 Желтоқсан, 2020
602
Таразда поляк этносының мәдениет күні өтті
Тараз қаласының Рим-католик шіркеуінде поляк этносының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті.
Іс-шараның мақсаты - этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Этнос күні «6-желтоқсан - Әулие Николайды еске алу» күніне тұспа-тұс келді. Бұл күні католиктер саяхатшылар мен балалардың қамқоршысы атанған Әулие Николайды еске алады.
Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лариса Калькова:
- Бұл күні Әулие Николай көше мен үйлерді аралап, тәртіпті балаларға жемістер мен кәмпиттер сыйлайды, ал бұзақылық танытқан балалар шұлықтарынан картоп немесе көмір кесегін табады. Сондықтан, мереке қарсаңында балалар тентек болмауға тырысады, және ешкім Әулие Николайдан сыйлықсыз қалмайды, - деп атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар рождестволық «колядка» әнін орындап, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді. Колядка - бұл Рождестволық салттық әндердің бірі және Батыс Рождестволық гимндердің ежелгі славяндық аналогы болып табылады.
Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігі этносаралық қатынастарды нығайтуға және аймақ халықтары арасындағы достықты дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті