01 Қазан, 2020
827
Таразда қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні аталып өтті
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні өткізілді.
Іс-шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасы Сағымбек Чолпоналиұлы Мырзабеков қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік ұлттық бірегейлікті нығайту бағытында жұмыс жүргізу бірлестіктің негізгі мақсаты екенін, қырғыз бен қазақтың дәстүрлеріндегі ұқсастықтар және тамырластықты сақтау жөнінде айтып өтті.
Қырғыз этносы күніне Ақсақалдар, Аналар кеңестері қатысып, бірлестіктің жастар қанаты өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, қобыз және домбыра музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен айтылған «Арман-ай», «Жылқычының ыры» әндері айтылып, «Манас» эпосынан үзінділер оқылды. Сондай-ақ, Қырғыз елінің жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың өмірбаяны мен өнері туралы сөз қозғалып, жазушының «Қош бол, Гүлсары», «Ерте қайтқан тырналар» атты шығармаларынан үзінділер көрсетілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділік үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29