10 Ақпан, 2022
528
Таразда өзбек ЭМБ өкілдері марапатталды
Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-де Өзбек ұлттық-мәдени орталығы қалалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қатысушылар арасында қалалық Өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов, Нұр-Сұлтан қалалық өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатов, облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова және т.б. болды.
Іс-шара барысында жыл ішінде атқарылған жұмыстар, жетістіктер туралы айтылып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Қалалық Өзбек ұлттық-мәдени орталығының атқарған жұмыстарымен қоса көптеген жетістіктері де сөз болды. Спикерлер өскелең ұрпақты тәрбиелеу, сапалы білім беру, оның ішінде өзбек мектебінде білімді күшейту, мемлекеттік тілді жастар үшін білудің маңыздылығы, бірлестік ісін жандандыру және жастарды жұмыспен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударды. Атап айтсақ, Шерзод Пулатов өз сөзінде өзбек мектебінде оқуды күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет екендігіне ерекше назар аударды:
– Жаңа деңгейге шығатын уақыт келді. Өзбек этносы өкілдерінің көпшілігі қазақ тілінде еркін сөйлейді. Жаңа Қазақстанды дамыту жолында әрине, мемлекеттік тілді де бірге дамытамыз. Ендігі кезекте, біз жастарды еңбек және саяси, қоғамдық өмірге тарту тақырыбының аясын кеңейту керекпіз! – деді ол.
Сонымен бірге, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова да Тараз қаласындағы өзбек мектебінде билингвалды білім беруді (екі тілде – өзбек және қазақ тілдерінде оқыту) енгізу қажеттігін жеткізді. Бұл өзбек мектебінің мәртебесін жоғалтпауы, ал түлектер білім беру кеңістігінде сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болуы үшін қажет екенін де тәтпіштеп баяндап берді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің маңыздылығы, әйелдерді қоғамдық жұмысқа белсенді тарту жөнінде пайдалы бағыт-бағдар берді.
Іс-шара соңында қалалық Өзбек ұлттық-мәдени орталығының өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Күләш Әбдікешова бірлестіктің 11 өкілін, меценатын белсенді жұмыстары үшін «Тараз қаласының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты