17 Қараша, 2020
1076
Таразда өзге ұлт өкілдері арасында «Жамбыл жырлары» байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде халқымыздың ұлы ақыны, жыр дүлдүлі, айтыс өнерінің дарабозы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жамбыл жырлары» атты өзге ұлт өкілдері арасында ақынның өлең, жырларын мәнерлеп жатқа оқу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Қазан айында бастау алған байқау бұған дейін Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласында өткізіліп, іріктеу кезеңіне қатысқан 70-тен астам үміткердің 17-сі облыстық байқауға жолдама алған. Олардың ішінде өзбек, моңғол, орыс, ұйғыр, шешен, татар, болгар, қарашай, қырғыз, күрді, дүнген, әзербайжан, кәріс ұлттарының өкілдері бар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара екі кезеңнен тұрды. Яғни, біріншісі – Жамбылдың жырларын мәнерлеп, нақышына келтіре отырып жатқа оқу болса, екіншісі – қазақтың халық әндерін немесе халық компазиторларының әндерін жанды дауыста орындау.
Аталмыш байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Байқауға Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері, «Вынхуа» дүнгендер этнобірлестігінің жас мүшелері және қалалық №34 мектептің 10 сынып оқушылары Искакова Руфина мен Курбанова Амина қатысты. Курбанова Амина үздік өнер көрсеткені үшін номинация бойынша ынталандыру сыйлығымен марапатталса, Искакова Руфина «Тілдерді дамыту» басқармасының арнайы жүлдесінің иегері атанды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті