07 Желтоқсан, 2020
1336
Таразда жастар арасында ұлттық бірегейлікті сақтауды дәріптеген кеңейтілген отырыс өтті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жастар арасындағы қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуда ғылыми шығармашылық интеллигенцияның рөлін арттыру» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтау тұрғысында жас ұрпақтың сана сезімін жетілдіру, этносаралық бірлік пен патриотизмді дамытудағы этномәдени бірлестіктер қызметінің маңыздылығын талқылау, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау.
Жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының жетекшісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Парида Мамедова «Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі қырлары» тақырыбында баяндамасын оқып қатысушыларға өз ойын жеткізді. Сондай-ақ, аталған оқу орнының оқытушылары «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы «ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы – өзінің конституциялық саяси құқықтарын жүзеге асыруының негізгі нысаны» тақырыбында, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Еменова Гүлнар Болатбекқызы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда жастардың саяси белсенділігі мен саяси мәдениетін арттырудың маңызы» тақырыбында баяндамаларын оқып өз ойларымен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, тиісті резолюция қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті