16 Қараша, 2020
578
Таразда жастар ұлттық аспаптармен жақын танысты
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу және қазақстандық жас буынға мәдени-рухани тәрбие беру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы» атты шығармашылық кездесу өткізді.

Іс-шараға облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру Жолы» ЖҚ облыстық штаб мүшелері мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев оркестір жұмысымен толық таныстырды. Жастар қазақ музыка өнерінің негізін салушы Әміре Қашаубаев, Күләш Бәйсейітова, Құрмаңғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпеисова, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы тұлғалардың өмірі және өнер тарихы, сондай-ақ қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеткен жетістіктерімен танысты.
Сондай-ақ, облыстық ассамблея жастары қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дайындығында болды. Ұлттық аспаптардың шығу тарихын, әр аспаптың ерекшелігімен үнін тындады. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі келген жас қонақтарға арнап «Сарыарқа», «Адай» шығармаларын орындады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты