31 Наурыз, 2022
964
Тараздық кішкентай ханзадалар мен ханшайымдар дефилесі өтті
2022 жылдың 25 наурызында "Fabus" модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тараз ханзадасы мен ханшайымы – 2022» аймақтық сұлулық пен талант байқауының 12 маусымы өтті. Ассамблея тарапынан іс-шараны ҚР күрділердің «Барбанг» қауымдастығының Жамбыл облысындағы филиалы қолдады және демеушілік көмек көрсетті. Жетекшісі - Сартиф Алиев.
Дарынды балалар сұлулықты, сымбаттылықты, стиль мен сәнді көрсету үшін бір сахнада кездесті. Тәж үшін 14 үміткер күресті. Подиумда 4 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар да, ұлдар да дефиле көрсетті. Байқау бағдарламасы ұлттық костюммен шығудан басталды. Одан әрі презентация болып, қатысушылар өздерін таныстыру барысында таныстыруларын бейнероликтермен көрсетті. Ал ағайынды Самир мен Әмір Ахметжановтар тұпнұсқалы тұсаукесер дайындап, өнерлерін дуэтпен, яғни сықак-өлеңдермен орындады. Іс-шараның ең жарқын сәті - таланттар сайысына да кезек келіп, қатысушылар өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Сайып келгенде, Самир мен Әмір Ахметжановтардың орындауындағы керемет «Танго биі» , сондай-ақ, Қанат Кәусардың тамаша «лезгинкасы» есте қалды. Бәрінен бұрын Әдия Алпыстың гимнастикалық нөмірі таң қалдырды. Байқау бағдарламасы балдық, мерекелік костюмдер мен көйлектер дефилесімен аяқталды, оның барысында қатысушылар керемет киім үлгілерін көрсетті. 10 балдық жүйе бойынша қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады.
Оның құрамында - ҚР күрділердің «Барбанг» қауымдастығы аймақтық ҚБ Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Сартиф Алиев, вокал және актерлік шеберлік бойынша кәсіби педагог, фортепиано және гитарада ойнау бойынша педагог Макадина Кошмамбетова, «Эдельвейс» қазіргі заманғы би театрының директоры және бас хореограф Майя Воробьева, «Талантты жастар» компаниясының продюсері Лескүл Жиенбетова, «Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко. Дефилеге шыққан әр қатысушы өз өнерін көрсеткен сайын каталогтарда ұпайлар белгіленіп отырды. Марапаттау рәсімі іс-шараның ең биік, шарықтау шегі болды. Қатысушылар мен ата-аналарға, қазылар алқасы мен көрермендерге алаңдаушылық тудырған нәтижелер де міне, жарияланды. Басты аталымдардың иегерлері - Кәусар Қанат («Тараздың кішкентай аруы»), Асан Нұрғали (Тараздың кішкентай мырзасы ), Самир Ахметжанов («Тараздың ханзадасы»), Адия Алпыс («Тараздың ханшайымы») болды. Облысымыздың кішкентай жеңімпаздары бұдан ары да республикалық және халықаралық байқауларда өздерін көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
вчера, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады