04 Қыркүйек, 2015
1103
«Тарих және мәдениет» этностар мәдениеті халықаралық фестивалінің қортындысы шығарылды
2015 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласы «Тiлеп Қобыз Сарайы» концерт залында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Тарих және мәдениет» этностар мәдениеті халықаралық фестивалінің Гала-концерті мен марапаттау рәсімі өтті.

Фестиваль серіктестері Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, С. Нұрмағамбетов атындағы қайырымдылық қоры, ҚР Ұлттық Дельфий комитеті.
Фестиваль мақсаты этностар мәдениеті, тілі мен тарихының біртектілігін насихаттау және сақтау.
Қатысушылар үш номинация бойынша бәйгеге түсті. Олар: «Аспапта орындау», «Би өнері», «Вокал». Барлық конкурсанттар халықаралық дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі демеушілер, серіктестер мен ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтарды табыстаумен жалғасын тапты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан арнайы сыйлықты ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық Келісім» РММ директорының орынбасары – Ғазиз Телебаев табыстады. Өз сөзінде Ғазиз Тұрысбекұлы фестивальдің барлық дипломанттары мен арнайы сыйлықтар иегерлерін құттықтап, шығармашылық табыстар мен жеңіс тіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстандағы РФ елшілігі, С. Нұрмағамбетов, Қ. Мұңайтпасов атындағы қайырымдылық қорлары мен «Тілеп» қайырымдылық қоры да қатысушыларды өздерінің арнайы сылықтарымен марапаттады. Іс-шараның ашылу салтанатында барлық конкурсанттардың қатысуымен «Астана достарын қарсы алады» видео ролигінің көрсетілімі өтті.
Іс-шара барысында халықаралық жюри мүшелері фестиваль жеңімпаздарын хабарлады. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Алғашқы «Тарих және мәдениет» этностар мәдениеті халықаралық фестивалінің бас жүлдегерлерін хабарлау аталмыш іс-шараның шарықтау шегі болды. Ауқымды фестивальдің бас жүлдегерлері: Қадыров Манапбек (Қазақстан), Зайнетдинов Миндигафур (Башқұртстан), Жанатаева Ирина мен Шаваев Рамазан (Кабардин-Балғар Республикасы).
«Тарих және мәдениет» этностар мәдениетінің халықаралық фестивалі Гала-концертпен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый