Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2015

687

Тарихи отанмен байланыс «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ жас қанатының жақында Қазанда өткен Татар жастарының күніне қатысты.

Форум 25-31 тамыз аралығында өтті. Іс-шараға шамамен 180 адам қатысты, татар диаспоралары жастарының басшылары РФ түрлі өңірлерінен және шет елдерден, Түркия және Австралиядан келді. Қазақстаннан Татарстанның астанасына Қостанай және Алматы облыстарынан өкілдер барды.

Форум 25-31 тамыз аралығында өтті. Іс-шараға шамамен 180 адам қатысты, татар диаспоралары жастарының басшылары РФ түрлі өңірлерінен және шет елдерден, Түркия және Австралиядан келді. Қазақстаннан Татарстанның астанасына Қостанай және Алматы облыстарынан өкілдер барды.

Біздің қаланың атынан «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ жастар қанатының 17 жасар жетекшісі Алина Бектимирова барды. Ол М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының 11 сыныбында оқиды, облыстық Достық үйінде белсенді қоғамдық қызмет жүргізеді.

- Биыл форум өзінің 25 жылдығын атап өтті және естелікте қаларлықтай болып өтті. Тарихи отанымызда өткізген алты күн түрлі іс-шараға, оқиғаларға, шеберлік сағаттарына толы болды. Біз ұлттық киімдерді тігудің негізгі элементтерін үйрендік, татар биін үйрендік, біздер үшін татар зиялы қауымымен кездесу ұйымдастырылды, - деді Алина. Кешке дәстүрлі түрде чак-чакпен және бауырсақпен шай ішіп, «Татар кызы» (қыздар үшін конкурс), «Татар егете» (жігіттер үшін конкурс), «Идель моны» (әншілер конкурсы), «Танцпол йолдызы» (бишілер конкурсы) сияқты түрлі конкурстарға қатыстық:

Жастар үшін бұдан басқа да іс-шаралар, экскурсиялар ұйымдастырылды. Ең қызықтысы жаңадан салынып жатқан Иннополис қаласына бару болды, оның тұсаукесері 2015 жылғы маусым айында болыпты және XXI ғасырда салынып жатқан, бірегей инфрақұрылыммен және сәулетімен ерекшеленіп жатқан қала.

Волга Булгариясының көне астанасы Болгар қаласына саяхат ұмытылмас әсер қалдырды. Одан басқа өкілдік топ Қазан қаласының күніне және Татарстан егемендігіне арналған іс-шараларға қатысты.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Кейін қарай