24 Мамыр, 2017
771
Ташкенттегі қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығы
Мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бастаған делегация арнайы барып, көрші елдегі қазақ ағайындардың қуанышына ортақтасты.
Төлеби бабаның басына құран оқып, зиярат етуден басталған дүбірлі тойда қазақстандық делегацияның атынан сөз алған Мұратәлі Оразалыұлы Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының екі ел арсындағы достық қарым-қатынасты нығайту бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың мерейтойға арнаған құттықтау хаттарын оқып берді. Қазақстаннан әкелінген 750 дана кітап сол елде тұратын ағайындарға таратылатынын айтты.
Соған қоса, Ташкенттің төрінде қазақ ән-күйінің үні өшпесін деген ниетпен домбыра мен қобыз, оңтүстік жұртшылығы атынан қазақ мәдени орталығына барлық жасау-жабдығы бар ақ шаңқан киіз үйді тарту етілді.
Мерекелік іс-шарадан соң Қазақстаннан барған делегация Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевтың қабылдауында болды. Әрі қарай, сондағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ташкенттегі тарихи-мәдени орындарды аралады.
Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсеновтың айтуынша бүгінде аталмыш елде 1,5 млн. қазақ тұрады. Қазақ тілінде оқытатын 396 мектеп бар. Қазақ мектептерін бітіргендер үшін 4 арнаулы оқу орнында білімін жалғастыруға мүмкіндік жасалған. Мәдени орталықтың жанынан құрылған әдебиет клубы өзбекстандық қазақ тілді ақын-жазушылардың кітабын шығаруға мұрындық болуда. Олардың шығармалары өзбек тіліне де аударылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті