23 Қаңтар, 2017
1948
Татар этномәдени бірлестігіне - 25 жыл
Достық үйінің концерт залында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен татар этномәдени бірлестігінің 25 жылдық мерекесі аталып өтті. Мерекелік іс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Татарстан Республикасынан арнайы шақырылған қонақтар, бірлестіктің ардагерлері мен жастары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мерекелік іс-шараның алғы сөзі облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовке берілді. Салтанатты мерекеде бірлестіктің белсенді мүшелері облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік татарлар конгресі атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілінің көмекшісі Аяна Акимжанова және Қазақстандағы татар және башқұрт қауымдастығының президенті Габдулхай Ишмуратов бірлестікті 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллинаны және оның белсенді мүшелерін Дүниежүзілік татарлар конгресінің медалімен марапаттады.
Татар этномәдени бірлестігі 1991 жылдың 27 қаңтарында құрылғанын айта кетууіміз керек. Тәуелсіздікпен бірге шаңырақ көтерген орталық аталған жылдар ішінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бірлестіктің алғашқы төрайымы Ахмадеева Нағима Абдулқызы болатын. Нағима Абдулқызы татар этномәдени бірлестігін құрып, жұмысын жүйелеп, негізін қалады. Бірлестікті 20 жыл көлемінде Галия Гизатуллина басқарып келеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда 300 мыңға жуық татар этносы өмір сүріп келеді. Ал, Сыр елінде татар этносының 1500 өкілі бар. Олардың белсенділері үнемі бас қосып, мәдени салт-дәстүрді жаңғыртуға атсалысып, бабадан қалған бай мұраларын сақтап қалуға барын салып келеді.
Бірлестіктің мүшелері әртүрлі салада тер төгіп, ел дамуы жолында еңбек етуде. Бастысы, олар бірлік пен бейбіт күндердің қадірін терең ұғынған. Сондықтан да өңірдегі ынтымақтың ұйытқысы болған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына олардың алғысы шексіз.
Мерекелік кеш аясында Татарстан Республикасының халық әртісі Фердинанд Фатхи, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты Сирина Зайнутдинова жиналған жұртшылыққа әсем әндерін тарту етті. Татар халқының ұлттық биі мен әндері орындалып, мерекеге орай Сыр өнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16