Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қаңтар, 2016

1041

Татар этносының күндері өтті

2016  жылдың 17 қаңтарында Тараз қаласының мәдениет үйінде облыс этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Айнуры» татар-башқұрт мәдени  орталығының 20 жылдығына арналған татар этносының мәдени күндері өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, татар диаспорасының өкілдері қатысты. Қонақтар қалалық мәдениет үйінің фойесінде татар-башқұрт ұлтының  ұлттық тағамдарымен және қолөнер бұйымдары қойылған көрмемен танысты. Мәдени іс-шара татар-башқұрт мәдени орталығының кең көлемде әзірленген  концерттік бағдарламасымен басталды. Іс-шарада хореограф Ш.Уштаеваның әзірлеген қазақ, өзбек билері, хореограф М.Видзижевтың  «Желкен» кавказ билері орындалды. Сонымен қатар В.Сорокиннің басшылығымен «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының жанындағы «Асыл ана» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.

Мәдени іс-шарада «Айнуры» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы А.Халиков құттықтау сөз сөйлеп, мәдени орталықтың құрылғаннан бері  20 жыл ішінде атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Облыстық этномәдени бірлестіктер атынан «Радонеж» орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Чаутина сөз сөйледі.

Сондай-ақ «Айнуры» татар-башқұрт мәдени бірлестігінің төрағасы мәдени орталықтың 20 жылдығына орай бірлестік белсенділерінің еңбектеріне сай ұсынылған марапаттарды табыс етті.

Бірлестік белсенділері  Р.Ниязова облыс әкімінің құрмет грамотасымен, Т.Журамбаева облыс әкімінің алғыс хатымен,  Н.Утепбергенова Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының алғыс хатымен марапатталса, бірлестіктің 16 белсенді мүшесі татар-башқұрт мәдени орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәдени іс-шара татар халқының «Бақытқа шатлыққа» әнін концерттік бағдарламаға қатысушылардың орындауымен аяқталды.

   

   

Кейін қарай