07 Шілде, 2017
2202
ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕСІ «САБАНТУЙ»
2017 жылғы 7 шілде күні Астана қалалық әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаңда ЭКСПО -2017» көрмесінің мәдени-ойын-сауық бағдарламасы шеңберінде татар халқының дәстүрлі мерекесі «Сабантуй» өткізілді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚХА мүшелер, РФ Татарстан Республикасы мемлекеттік органдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БАҚ өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Іс-шара шеңберінде татардың ұлттық күресі «Көрәш» пен Қазақстан этностарының ұлттық тағамдарының көрмесі болды.
***
«Сабантуй» мерекесі ежелден бері көптеген түркі тектес халықтардың маңызды оқиғаларының қатарына жатады. Бүгінгі күнде ол көктемгі егістің аяқталуын тойлау мағынасын ғана білдірмейді, ол – халықтың бай мұрасы мен мәдениетін, ана тілін, қонақжайлылығы мен кең пейілділігін сақтауға ұмтылысты көрсетіп, түрлі ұлттар мен діни көзқарастағы адамдардың бірлесуіне ықпал етеді.
«Сабантуй» туған жерге деген сүйіспеншілігін сақтаған адамдар үшін аса қымбат. Өзінің жасампаз еңбегімен отбасы мен отанының игілігін нығайтатын, сондай-ақ жерлестерімен, жақындарымен, достарымен жақсы қатынасты бағалайтындар үшін қымбат мереке. Біз осы мерекеде ақсақалдардың даналығы мен жастардың қуат-күшіне риза болып, болашаққа жасаған жоспарларымызбен бөлісеміз.
«Сабантуй» ЮНЕСКО-ның мәдени мұра байлығының тізіміне енгізілген.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті