22 Маусым, 2015
3329
Татар халқының «Сабантуй» мерекесі
20 маусым күні солжағалық кешеніндегі этноауылдың орталық сахнасында татар халқының көптен күткен «Сабантуй» мерекесі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерекелік күн Ұлы Отан соғысының батыры, татар халқының ұлы перзенті Мұса Жәлел ескерткішінің ашылуынан басталды. Ескерткіштің ашылуына құрметті қонақтар Татарстанның Мәдениет Министрі - Аймурат Миннимулович Сибагатуллин, татарлардың әлемдік конгресі төрағасының бірінші орынбасары - Данис Фанисович Шакиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Светлана Ивановна Ферхо, Өскемен қаласындағы РФ бас елшілігінің вице-консулы - Наталия Михайловна Ботарева, «Идел» Қазақстандағы татарлар этнобірлестіктері ассоциасының президенті Габдулхай Мухаметкалиевич Ишмуратов, ШҚО және қала әкімдігі, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сонымен бірге облыстан келген басқа да қонақтар қатысты. Салтанатты шарадан соң этноауылдың орталық сахнасында басталған «Сабантуй» мерекесінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Омар іс-шара демеушілерін және татар этномәдени бірлестігінің белсенділерін алғыс хатпен, ал Татарстанның Мәдениет Министрі А.М. Сибагатуллин «Идел» Қазақстандағы татарлар этнобірлестіктері ассоциасының президенті Ғ. Ишмуратовты медальмен марапаттады. Бұдан соң мереке халықтық ойын-сауықпен жалғасты, сахнада Татарстаннан, облыстан келген әншілер мен қаланың этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздарының орындауында, адам жанын жадырататын әсем әндер шырқалды. Көрші алаңдарда татарша күрес, гір көтеруден, қол күресінен, сонымен бірге бөренеден жүру сияқты дәстүрлі спорттық жарыстар өтті. Ал кішкентай қатысушылар үшін қаппен, шөлкемен жүгіру және қыш құмыраларды таяқпен сындыру сияқты ойындар ұйымдастрылды. Мереке соңында басты спорттық ойындардың қорытындысы шығарылып, бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табысталды. Күрестен бірінші орын алған жеңімпазға жылдағы дәстүр бойынша марқа берілді. Сонымен бірге мерекеге келгендер ұлттық тағамдардын дәм татып, өз әсерлерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні