27 Қараша, 2019
1698
Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы: Назарбаев қызметінің мәні жыл өткен сайын арта түседі
Дариға Назарбаева Ресей Федерациясының жетекші әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстанмен қарқынды және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екендігін атап өтті.Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
Біздің елімізге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге қатысуға келген Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Елбасына деген шынайы құрметін жеткізді және оның дана әрі көшбасшылық қасиеттері мен егемен Қазақстанның табысты дамуына қосқан үлесін атап өтті. «Н.Ә.Назарбаев қызметінің мәні жыл сайын арта түседі, оның еңбегі – ішкі және сыртқы саясатты сауатты жүргізудің жарқын мысалы», - деді Ф.Мұхаметшин.
Сенат Төрағасы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы айта келіп, Қазақстан Парламенті Татарстан Мемлекеттік Кеңесімен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар 9 желтоқсанда Қазан қаласында өтетін Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресейдің Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысына дайындықты талқылады.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де сараланды. Тараптар қазіргі көрсеткіштер өзара сауданың осы кездегі әлеуетіне сәйкес келмейтіні туралы айтты. Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы шамамен үштен бірге төмендеді.
«Өзара саудада 1 миллиард доллар көлеміндегі алға қойған ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет», - деді Сенат Төрағасы.
Жүздесушілер мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуді, жастар мен әйелдер ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды да талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
вчера, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
4 Ақпан, 17:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
4 Ақпан, 16:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті