Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2015

2741

Татулық пен бірліктің ордасы - Достық үйі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Тәуелсіздік күні қарсаңында 2015 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласында «Достық үйі» ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Тәуелсіздік күні қарсаңында 2015 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласында «Достық үйі» ашылды.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы А.П.Петренко қатысты.

Ғимарат алдында жоғары және орта оқу орындарының мыңға жуық студенттерінің қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов және облыстық ассамблея ардагері Г.К.Гизатуллина ғимарат лентасын салтанатты түрде қиған соң, қонақтар мерекелік отшашуды тамашалады. 

Достық үйінің ішінде қонақтарды ақжаулықты әжелер қарсы алып, шашу шашты.

Бұдан соң 2-қабатта орналасқан конференц-залдағы көрме таныстырылды. Көрмеге әр этностың ерекшелігін көрсететін бұйымдар мен тарихын айшықтайтын дүниелер қойылған.

  

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев жұртшылықты жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап,  «Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы. Егемендік алғалы ешкімнен кем, дұшпанға жем болған жоқпыз. Сыр елі сан ұлтқа сая болып келеді. «Достық үйі» татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың ордасына айналсын» - деген тілегін білдірді.

Е.Л.Тоғжанов барша халықты алдағы  Тәуелсіздік күнімен құттықтап, осындай маңызды күн қарсаңында ашылған Достық үйіне «Керемет ғимарат, керемет зал, керемет көрермендер!» деп баға берді. Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді, ынтымақтастықты үндейтін Достық үйінің киелі шаңырағының астында өткізілетін барлық іске сәттілік тіледі.  

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы А.П.Петренко қазақстандықтар тек қана өзара тату болып қана қоймай, көршілес елдермен де тату-тәтті өмір сүретіндігін, оның ішінде Қазақстан мен Ресей аралығындағы достық қарым-қатынасты айтып өтті.

Мерекелік іс-шара этнос көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. Керемет ән, бимен қатар қазақ халқы мен өзге этностардың тарихын айшықтайтын қысқаша қойылымдар көрсетілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында белсенділігімен көзге түскен бірқатар азаматтар  «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатымен», облыс әкімінің «Алғыс хатымен»марапатталды.

  

* * *

«Достық үйіне» бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр ғимаратын облыстық мәслихат депутаты, «Қыран» ЖШС Бас директоры Ж.Сыздықов тарту етті. Қайта жөндеуден өткізіліп, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді үндейтін ғимаратқа облыстық этномәдени бірлестіктер мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасты.

 

Кейін қарай