25 Шілде, 2025
108
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
Бүгін Астана қаласындағы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында Шығыс Қазақстан облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық ұйымы жанынан құрылған «TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды. Қойылым Шығыс Қазақстанда бастау алған «Birligimiz jarasqan» республикалық жобасы аясында сахналанды.
Нашақорлық пен лудомания мәселелеріне арналған әлеуметтік-драмалық спектакльді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы келіп тамашалады. Көрермендер жас әртістердің жоғары актерлік шеберлігін және қойылым барысында көтерілген тақырыптардың өзектілігін терең сезінді.
Марат Алмасұлы күрделі әлеуметтік мәселелерді өнер арқылы шебер жеткізе білген жас актерлерге алғысын білдіріп, олардың батылдығы мен кәсіби деңгейін жоғары бағалады. Сонымен қатар, зиянды әдеттермен күресте қоғамның бірлігі аса маңызды екенін атап өтіп, театр мен тәрбиелік жұмыстың үйлесімділігі ерекше мәнге ие екенін жеткізді.
«TEATR-ALL» театры 2023 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Ассамблея жастары» белсенділерінің бастамасымен құрылды. Қысқа уақыт ішінде театр 20-дан астам жас актерді біріктірген шығармашылық алаңға айналып, сахна арқылы маңызды әлеуметтік мәселелерді қозғап, көрерменді терең ойға жетелеуді мақсат етіп келеді.
Кездесу соңында Марат Әзілханов театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан спектакльге қатысушыларға Алғыс хаттар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
-
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
15 Қыркүйек, 21:37
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
15 Қыркүйек, 21:33
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
17 Қыркүйек, 18:15
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қыркүйек, 21:39
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті