Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2016

814

Театр күні

Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында  26 наурыз күні Халықаралық  «Театр күні» мерекесіне орай  «Бақытты отбасы» халықаралық институты  балалар фестивалін  өткізді.

Мерекелік қойылымға келген бүлдіршіндерді есік алдынан ертегі кейіпкерлері күтіп алды. Іс-шараның  негізгі бөлігінде  қызықты және қимыл қозғалысқа құрылған ойындар ойналып, сондай-ақ жұмбақтар жасырылды. Балалар көңілді және өте қызықты театрландырылған қуыршақ театрының көрінісін тамашалады. Барлық балалар үшін мереке соңында «Арлекин» костюмдерінен флеш-моб ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Өскемен балалар шығармашылығы ұжымы  Светлана Гойман, «Ястребок» баламалы театры, «Бақытты отбасы институты» отбасы кеңесінің мүшелері Аяжан Қайырханкызы, Алматы Хавдслам, Ксения Лещенко,Татьяна Лыскова.

Фестивальді ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының және біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның  ең жас азаматтарына  осындай  тамаша мерекелік көңіл күй сыйлауға жәрдемдескен үшін  Достық  үйі –қоғамдық келісім орталығына алғыстарын айтты. 

   

Кейін қарай