
01 Шілде, 2020
1040
«Телевизия саласында қазақ тіліндегі төл бағдарламаларды молайту қажет»
Мен – қойнауы тарихқа толы Сыр өңірінің тумасымын. Орыс мектебінде оқысам да, ел-жұртпен араласып жүріп-ақ қазақшаны үйреніп алдым. Бұл мақтанғаным емес, дегенмен тіл үйренудің алғашқы әдістердің бірі деп ойлаймын.
Соның арқасында жоғары оқу орнына түскенде қазақ тобында білім алдым. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәрбиесін бойыма жиып, қазақ ақындарының өлеңдерімен сусындап, тілдік қорымды арттырдым десем артық айтқандық емес.
2007 жылы Сыр өңіріне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев келгенде, бүкіл облыс жастарының атынан сөз сөйлеу мәртебесіне ие болдым. Сол кездегі Елбасының «Жарайсың, Елена, қазақ тілінде кейбір қазақтардан артық сөйлейсің» көрсеткен ілтипаты менің бүкіл тағдырымды өзгертті деуге толық негіз бар. Патриоттық сезімім одан әрі дамып, қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеруге құлшынысым оянды. 5 жылдан астам уақыт өңірде белгілі қалалық телеарнада жұмыс жасадым. Халық арасында танымал бола бастадым. Енді міне, Елбасының тікелей бастамасымен ашылған болашақ зиялыларды дайындайтын халықаралық деңгейдегі үш тілде оқытатын Зияткерлік мектебінде 6 жылға жуық уақыт баспасөз хатшысы қызметін атқарып келемін.
Қазақ тілі менің қоғамдағы өз орнымды табуға ғана емес, өмірлік серігімді кездестіруге үлкен септігін тигізді. Жолдасым өзге ұлт болғанымен қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойын жеткізе алады. Отбасымызда өзара қазақ тілінде тілдесіп отыратын кездер көп. Оның үстіне тұңғышымызды жастайынан қазақша білсің деп, қазақ тілді балабақшаға беруді жөн санадық, осылайша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге азда болсада өз үлесімізді отбасымызбен қосып келеміз.
Бауыржан Момышұлы: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген екен. Шыңы керек, бүгінгі қоғамда, өзге ұлт өкілдерін былай қойғанда, қазақ жастар арасында өз ана тілінде шұбарлап сөйлейтіндер кездесіп жатыр. Мұндай адамдар өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп те алмайды. Сондықтан әр адам алдымен ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс деп ойлаймын.
Президентіміз Қосым-Жомарт Кемелұлы «Ана тілі» мақаласында мемлекетіміздің басты байлығы –ұлтаралық келісімді сақтай отырып, тіл мәселесін оңтайлы шешуге болатынын айтты. Яғни адамдарда қазақ тілінде сөйлеу мақтанышты ояту үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттыру керек, қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсетіп, телевизия саласында қазақ тіліндегі төл бағдарламаларды молайту қажет деген ой-пікірі мемлекетік тіл мәртебесін арттыруға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ заман талабына сай – қазақ тіліне басымдық бере отырып, орыс тілін шектетпеуіміз керек. Және де ағылшын тілінен бас тартпай жаңа дәуірдегі өзгерістер алдында өркениетті қадамдармен алға ұмтылуымыз керек.
Еліңді сүйсең ерлік істейсін», - деп дана халқы бекер айтпаса керек. Барлығымыз ортақ Отанымыздың қарыштап дамуына атсалысуымыз қажет. Ұлтаралық қарым-қатынасымыз одан әрі арттырып, бірлігіміз бен татулығымызды нығая берсін.
Елена Рыбина,
Қызылорда облысындағы ҚХА мүшесі,
Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің Баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды