Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Желтоқсан, 2015

815

Темір ауданында өткізілген «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты облыстық эстафетасы

2015 жылғы 4 желтоқсанда Темір ауданында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен 2015 жылғы мерейтойлы шараларды қортындылау рапорт есебі барысында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты эстафета өтті. 

2015 жылғы 4 желтоқсанда Темір ауданында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен 2015 жылғы мерейтойлы шараларды қортындылау рапорт есебі барысында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты эстафета өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекетттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, жергілікті халық қатысты.

Эстафетаның алғы сөзі Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Бимағамбетова Зәмзәгүл Әділгерейқызына және облыстық мәдениет және мұрағаттар құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ләйла Есенгелді Омароваға ұсынылды.

Эстафетаның Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысының Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Эстафетаның басты символы альбом эстафетаны табыстау болып табылады.

Шара барысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Назаров Қайырғали Ерғалиұлы эстафетаны салтанатты түрде Темір ауданы әкімінің орынбасары Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлына табыстады.

Іс-шара мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай