07 Қазан, 2021
431
Теміртауда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» тақырыбында кездесу өтті
Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында жастардың қатысуымен «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу еркін форматта Қарағанды облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен студенттер арасындағы пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды. Күн тәртібінде Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА құрудағы ролі мен Қазақстанның этностық және мәдени әралуандығын бәсекелік артықшылыққа, елді дамытудың, тәуелсіздікті нығайтудың тиімді тетігіне айналдыру тақырыбы қозғалды. Сондай ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзіндік талдау жүргізу, пайым жасау арқылы оны дамыту және жастар арасында қазақ тілінде сөйлеуді сәнге айналдыру сынды ұсыныстар айтылды.
Жиынды «Dacia» румын мәдени орталығының жастар қанатының төрағасы Александр Урмашов ашты. Одан кейін сөз алған облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Агджа Набиева да мемлекеттік тілді меңгерудің жеңіл формасы смартфондардағы түрлі бағдарламалардың қазақ тілінде барынша кеңінен қолданумен де іске асыруға болатынын жеткізді.
Кездесуге келген Индустриалды университеттің студенттері тілдің арқасында кез-келген адамның қарым-қабілеті ашылып, дүниетанымы кеңейеді. Сол даму жолында мемлекеттік қадір-қасиетін арттыру басты міндет, -деген ойларын ортаға салды.
Бүгінде қазақ елі мен мәдениеті дүниежүзіне кеңінен танылуда. Біртіндеп қазақ тіліне деген қызығушылық халықаралық деңгейде артып келеді. Сондықтан қазақ тілінің беделін одан әрі арттыра түсу үшін қоғамда оған деген қажеттілікті күшейткен жөн. Қажеттілік талаптандырады, ал талап пен ниет болса, нәтиже міндетті түрде болады, дейді олар.
Бұдан соң, қатысушылар Қарағанды облысы ҚХА жобалық кеңсесіне барып, жұмысымен танысып қайтты. Еске салайық, жобалық кеңсе жастардың бастамаларын қолдау, мемлекеттік тілді үйрену мен дамыту, мемлекеттік жастар саясатының басымдықтарын насихаттау мақсатында ашылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55