Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2017

2513

Терендез тоқшылық мерекесі

19 ақпан күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» армян халқының «Терендез» мерекесі болып өтті. Ақпанның шуақты күнінде аталып өтілген ерекше мерекені қызықтауға көптеген қала тұрғындары жиналды. Шараға жиналған қауымды Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары О.Б.Доценко құттықтап жылы лебізін білдірді. Жыл сайын көктем келер шақта армяндар өздерінің ұлттық мейрамы “Терендез” мерекесін атап өтеді, бұл мейрам ежелгі –отқа табынушылықпен байланысты. Бастапқыда мереке – Дерендез деп аталған, оның мағынасы “үйіңіздің алдындағы үйіліп жатқан шалғын шөп” деген мағынаны білдірген, яғни үй иелеріне молшылық, жерге өнімнің бітік шығуын тілейді.

Сонымен қатар мерекеге жайылған дастарханнан міндетті түрде дәм татуы керек, себебі бұл жаңа жылдың жайлы болуына, егістіктің бітік шығуына бастама болады, - дейді армян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Д.О. Манучарян.

“Терендез” мейрамының ең басты ерекшелігі аулаға от жағылып ғашықтар қол ұстасып оттың үстінен секіреді, оның мәні араларындағы сезімді нығайту. Ежелгі наным-сенім бойынша оттың үстінен қолдарын үзбей секірген жұптың арасында ұрыс-керіс, отбасында түсініспеушілік орын алмайды.

Кейін қарай