
01 Шілде, 2020
1365
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі екенін естен шығармауымыз керек»
Мемлекеттік тіл – ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін, ортақ іске жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал.
Бір тілде сөйлемеген халық біріге алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі екі талай. Сондықтан ұлтты ұлт ретінде ұйытатын – тіл, түрлі халықтарды өзара топтастыратын – тіл десек, ендеше Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тіл – ол сөзсіз мемлекеттік тіл болуы тиіс.
Менің ойымша қоғамдық орындарда қазақ тілін көбірек қолдану керек, мысалы көлікте аялдамаларды тек қазақ тілінде хабарласа, көшелер екі тілде емес, қазақ тілінде жазылса адамның көзі, құлағы орысшаға алаңдамай қазақ тілін қабылдайтын еді.
Мен өз қазақ елімді, туып-өскен Жамбыл өңірін мақтан тұтамын. Мемлекеттік тілге деген құрметім өзімнің ықыласым, таза ниетім арқылы оянды. Бұл отбасымыз үшін де аса маңызды. Себебі Отанды құрайтын – отбасы. Ал, әр отбасында елге, жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет міндетті түрде болуы тиіс. Сонда ғана отбасылардың ынтымақ-бірлігі артып, бақытты, берекелі шаңыраққа айналады деп ойлаймын.
Біз қаншама жылдан бері қазақ жерін мекен етіп келеміз. Қазақ тілі біздің ана тіліміз болмаса да ана тіліндей қабылдап кеттік. Атам үйде бәріміздің дерлік жанұямызда қазақша білуімізді, еркін сөйлеуімізді шегелеп тапсырған болатын. Ұлты әзірбайжан болса да, атам өзі де әлі мемлекеттік тілді оқу, жазу, зерделеу үстінде. Бұл жоғарыда айтып өткен Отанға деген сүйіспеншіліктен деп ойлаймын.
Ругая Вердиева,
Жамбыл облыстық «Мехрибан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі,
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді