
27 Қазан, 2020
283415
«Тіл мәртебесінің артуы өзімізге байланысты»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде «Almaty» телеарнасының басшысы Нұржан Жалауқызы сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді.
- Жалпы мен бүгін қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып келе жатқан үлесіне алғыс білдіргім келеді. Өйткені, кез-келген мәселенің, кез-келген сұрақтың өзінің дәрежесінде талқылануы, оның халыққа жетуі, оның әрдайым күн тәртібінен түспеуі – ол белгілі бір көшбасшыға байланысты. Мысалы, біздің Елбасымыз осы мәселені ҚХА құрылған алғашқы күннен бастап күн тәртібіне ұсынған еді. Ол «қазақ тілі тірегімізге айналуы керек» деген ойды Тәуелсіздігімізге биыл жиырма тоғыз жыл болса, осы жылдардың өн бойында айтып келе жатыр. Осы мәселені жүзеге асыруда ҚХА үлкен ағартушылық, басшылық, ұйымдастырушылық, үйлестіруші рөл атқарып келе жатыр. Сіздерге алғысымыз шексіз. Қазір Almaty телеарнасын басқарып отырмын, телеарнаның құрылтайшысы әкімдік. Әкіміміз Бақытжан Әбдірұлы әрдайым мемлекеттік тілдің мәртебесінің үстем болуына үлкен мән береді. Өздеріңіз айтып отырған шенеуніктердің қазақ тілінде таза сөйлеуіне, дұрыс сөйлеуіне мән беріп, өзім жиналыстарға қатысып отырған кезде түзетіп, үнемі «дұрыс сөйлеңіздер» деп бағыттап отырады. Біздің телеарна тілге әрдайым жанашырмыз. Тілдің мәртебесін көтеру үшін тілдің таза болуына үлес қосу мақсатында кезінде осыдан он шақты жылдар бұрын «Тіл сақшысы» деген бағдарлама шыққан екен. Қазір соңғы кезде әкімнің тапсырмасымен, ақылдаса отырып, «Тіл қорғаны» деген бағдарламаны бастадық. Бұл мемлекеттік тілдің таза болуына, мемлекеттік тілде сөйлейтін отандастарымыздың, кәсіпкерлердің тілге деген құрметінің артуына үлкен үлес және көмек ретінде ашылған.
Жалпы әлеуметтік желілерде тіл мәселесі туралы оқып жүрміз. Тіл мәселесі, тілді үйренуге үндеу мәселесі біздің қазақтілділер мен басқа қазақ тілінде сөйлемейтін қазақтардың арасындағы текетіреске ұласып кетпесе екен деймін. Өйткені, соңғы кезде әлеуметтік желілерде сондай ойлар да белең алып жүр. Тіл - бұл әрдайым елдің бірлігін, берекесін, ынтымағын арттыруға қызмет ететін құрал болып қалса, сонда ғана бәріміздің мақсатымыздың орындалғаны. Сондықтан, тілді балабақшадан бастап, бесіктен бастап үйрету мәселесі мектепте үзіліс кездерінде қазақ тілін үйрету өте орынды. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінде, Зерде мектептерінде, орта мектептерде домбыра үйретеді. Домбыраға байланысты айта кетсем, осыдан екі күн бұрын немеремді мектептен алып кетейін деп барғанда есіктің алдында үш қыз таяқша ұстап «аттың басын бері тарт, аттың басын әрі тарт» деп жүгіріп жүр. Қарап тұрып риза болдым. Оларға риза болу арқылы ар жағында тұрған ұстаздарына риза болдым. Жастары алтыда, кейде біз білмейтін өлең жолдарын әп-әдемі оқиды. Сондықтан барлық дүние мектептен, балабақшадағы тәрбиеден басталады деп ойлаймын.
Біздің ең үлкен идеямыз – неғұрлым тілді көп білсең, соғұрлым сенің кеңістігің кеңейеді. Мысалы, қазақ болып отырып қазақ тілінен өзге тілді білсек, біздің досымыз да, араласатын адамымыз да көбейеді. Қазір әлеуметтік желілерде «Мен туымды мақтан етемін, мен Отанымды мақтан етемін!» деген үлкен акциялар болып жатыр. Барлықтарыңыз осы хештегпен суреттеріңізді жарияласаңыздар, бұл Тәуелсіздігіміздің қарсаңында ҚХА ұйытқы болып отырған осындай іс-шарадан кейінгі жақсы үндестік болар еді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді