21 Ақпан, 2017
1388
«Тіл – тәуелсіздіктің тірегі» атты Халықаралық ана тілі күніне арналған дөңгелек үстел
Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне арналған «Тіл – тәуелсіздіктің тірегі» дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің және ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, орта және жексенбілік мектептің ұстаздары мен оқушылары, БАҚ қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л.Есімова, облыстық білім басқармасының бас маманы Э.Жүсіпова, «Мұрагер» мектебінің оқытушысы, АҚШ-тағы Небраска штатының азаматы – Остер Питер, «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Б.Үсенбаев және 2016 жылғы облыстық «Мың бала» байқауының жеңімпаздары баяндамаларын оқыды.
Облыстық «Мың бала» байқауында «Асыл сөз-шешендік өнері» аталымы бойынша бірінші орынды иеленген Алексей Черкезюк өз өсзінде: «Мен қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін байқаудың жеңімпазы атандым. Жоба ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтқым келеді. Қазақстан жерінде тек қана бейбітшілік болсын. Баршаларыңызды Халықаралық ана тілі күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді.
«Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Мен қабілетті, білімді, білікті, шығармашыл тұлға болып өсіп келемін. Өзім орыс қызы болсам да, қазақи тәрбие өмірімнің негізі», - деді «Мың бала» байқауының «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында мәнерлеп оқудан бірінші орын алған Валерия Фролова.
Слгдай-ақ, дөңгелек үстел барысында 2017 жылғы облыстық «Мың бала» байқауы бастау алды.
Іс-шара соңында тіл саясатын жүзеге асыруға ат салысып жүрген бірқатар мектеп ұстаздары мен «Мың бала» байқауының 2016 жылғы жеңімпаздарының жетекшілері марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты