Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қазан, 2015

1060

«Тіл-татулық тірегі» байқауы болып өтті.

Ақмола облысы этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен Көкшетау қаласындағы Достық үйінде 16 қазан күні «Тіл-татулық тірегі » атты байқау болып өтті. Қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында өткізіліп отырған байқауға облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, бақтарын сынады.

Ақмола облысы этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен Көкшетау қаласындағы Достық үйінде 16 қазан күні «Тіл-татулық тірегі » атты байқау болып өтті. Қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында өткізіліп отырған байқауға облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, бақтарын сынады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы өткізген іс-шараға 16 мен 30 жас аралағындағы жастар қатысып, төрт кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде өзін -өзі таныстырып, өз этно-мәдени бірлестіктері жайлы айтып берсе, екінші кезеңде берілген интелектуалды тапсырманы орындау болды, ал үшінші кезең қазақтың мақал-мәтелдеріне арналды. Қатысушыларға мақал-мәтелдердің үзінділері жазылған парақтар таратылды, олар мақалдың дұрыс нұсқасын жазып, әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан иемденді. Ал төртінші тур қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты меңгергендігін байқауға арналды. Байқауға қатысушылар беташар, тұсау кесу, бесікке салу сияқты ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, мини спектакль түрінде қойылым қойып, қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Байқауға қатысқан 11 үміткер берілген уақыт ішінде барлық тапсырмаларды орындап шықты. Қатысушылардың әділ бағасын беріп, білімдері мен тапқырлықтарын, тіл байлығын сарапқа салған  діл қазылар алқасы ақылдаса келе үшінші орынға лайықты деп өзбек этно-мәдени орталығының өкілі, студент Ариф Шарифиддиновты санаса, екінші орынды Бурабай ауданынан келген Наталья Балашоваға берді, ал бірінші орынды  Ақкөл ауданынан келген инғуш ұлтының өкілі, бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етіп жүрген Милана Оздоева иеленді. Жүлдегерлердің барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай