
25 Тамыз, 2016
1071
ТІЛДЕРДІ ҮЙРЕТУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын
әзірлеу және енгізу бойынша республикалық семинар-тренинг
2016 жылғы 23 тамызда Орал қаласының Достық үйінде тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша «Тілдерді үйретудің инновациялық әдістері» атты республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Бұл іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ҚҚ және «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты тілдерді қысқа мерзімде оқытудың қазіргі технологиясын дайындау мен енгізуге арналған республикалық семинар-тренинг өткізу арқылы мемлекеттік тілдің Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады.
Семинардың ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шиповских Геннадий Геннадиевич, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілі, өңірлік этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері жанындағы мемлекеттік тілдің әдіскерлері мен оқытушылары, тіл саласының мамандары, әдіскерлер, ЭМБ жастары және басқа да мүдделі азаматтар қатысты.
Іс-шараның ресми ашылуы барысында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысы Д. Базаров төрағалық етіп, мемлекеттік тілді үйретудің инновациялық технологиялары мен әдістері бойынша тренингтер, пікірталастар ұйымдастырылатынын және оның мақсаты мен міндеттерін атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских «Біз бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Осы үйлесімділікті сақтап, одан әрі дамытуымыз үшін мемлекеттік тілді білу – баршамыздың борышымыз. Сондай-ақ дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ізденімпаз, білімді, бірнеше тілді меңгерген ұрпақты тәрбиелеуміз қажет», - деп атап айтты.
Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Г. Мұқанова Мемлекеттік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шаралар мен ауқымды жобаларды түсіндірді.
Семинардың ашылуынан кейін «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығының әдіскері Б. Әлиева «Тілдарын» оқу әдістемесі негізінде тілді кешенді және жеделдетіп оқыту бойынша тренинг өткізді.
«Тілдарын» әдістемесінің басты ерекшелігі – ол ықшамдылық, комбинаторлық, мәліметтерді беру тәсілдерінің интерактивтілігі, тіл кедергісінен жылдам өту, базалық курсты өткен соң базалық деңгейде еркін сөйлесу.
Аталмыш әдістеме Қазақстанның белгілі практик тіл мамандарының және лингвистердің тәжірибелері бойынша дайындалды. «Тілдарын» әдістемесін әдісін қолдану оңай тәсілмен фразеологиялық қорды молайтуға және «тіл тосқауылын» жеңіл өтуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін кезең-кезеңімен меңгеру қай деңгейден басталғанына қарамастан, келе-келе сөз қорының деңгейін жоғарылатады. Әр кезең соңында лексикалық қор 5 есеге дейін көбейіп отырады. Қазақ тілін меңгерудің ұсынылып отырған әдісі интерактивті ойын тәсілдерін және мнемотехника әдісітерін қолданудың арқасында дәстүрлі оқытулармен салыстырғанда тілді меңгеру уақытын бірнеше есеге азайтады.
Сондай-ақ Қарағанды облысы «Сарыарқа» білім орталығының әдіскері Д. Жұмагелдина «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені негізінде шеберлік сабақ өткізді. Бұл әдістеме әсіресе ересектерге тиімді.
Іс-шара барысында, «Тілдарын» әдістемесі бойынша ҚХА қолдауымен өтіп жатқан «БІРЛІК. KZ» халықаралық жастар лагерінің қатысушыларына курстар ұйымдастырылды. Оған Қазақстанда тұратын этностардың және шетелдегі қазақ диаспораларының жастары қатысты.
Бұл семинар 3 күн бойы жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ИБРАГИМ МАСАНОВ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
-
Астанада білім беру ортасында балалар суицидінің алдын алуда медиация әдістерін қолданудың мүмкіндіктері талқыланды
-
ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының көшбасшылар форумының қорытындысы: инновациялық 14 стартап ұсынылды
-
Тілдердің үштұғырлығы және көптілді білім беру ісіне профессор Н.Л. Еремияның сіңірген еңбегі туралы
-
«Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбындағы медиация семинары
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ИБРАГИМ МАСАНОВ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
-
Астанада білім беру ортасында балалар суицидінің алдын алуда медиация әдістерін қолданудың мүмкіндіктері талқыланды
-
ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының көшбасшылар форумының қорытындысы: инновациялық 14 стартап ұсынылды
-
Тілдердің үштұғырлығы және көптілді білім беру ісіне профессор Н.Л. Еремияның сіңірген еңбегі туралы
-
«Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбындағы медиация семинары