17 Қазан, 2018
1001
Тимур Джумурбаев: Жастар жылына орай арнайы Жол картасы әзірленеді
Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының ұйымдаструымен өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетинг және өзін таныту стратегиялары бойынша «PRодвигай себя» тренингі өтті.
Оған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары - «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Джумурбаев сөз сөйлеп, тренингтің маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Елбасының жастарды ерекше атап өтуі жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Әрі, жастардың өз идеялары мен тың жобаларын жүзеге асыруға мол мүмкіндік берілмек. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы арнайы жол картасын әзірлеп, бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Бүгінгі тренингте спикерлердің тәжірибесімен танысумен қатар, қала жастарының ұсыныс-пікірлерін тыңдауды көздеп отырмыз», - деді Т. Джумурбаев.
Тренинг TEDx форматында жалғасын тапты. Кәсіпкер, Астана қаласындағы «Өзбек этномәдени орталығының» мүшесі Фарангиз Ахметова «Шах нан» нан-тоқаш өндірісін ұйымдастыру бойынша шеберлік сабағын өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану, бизнесте жетістікке жетудің жолдары жайлы айтты.
Ал, тележүргізуші, ҚХА мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Ирина Тен селфбрендинг және өзін-өзі дамыту бағытында тәжірибесімен бөлісті.
«Байсерке-Агро» агрохолдингі құрылтайшысының кеңесшісі Кирилл Павлов қазіргі заманда дұрыс білім алып, оны тиімді пайдалана білудің тетіктері туралы сөз қозғады.
Жиын соңында тренингке белсенді қатысқан жастарға кітаптар тарту етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті