
16 Ақпан, 2021
584
«Өткенді ұмытуға хақымыз жоқ»
Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Діні, тілі, салты мен мәдениеті бөлек бірнеше ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатыр. Осы ұлттардың әрқайсының Қазақстанға келудегі өз тарихы бар.
Қарағанды облысы бойынша ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі, волонтер Марина Султанова аталарының Қазақстанға келу жолын былай баяндайды:
- Атам 1937 жылы бірнеше ұлт болып сталиндік саясатпен Қазақстанға жер аударылғандығын айтады. Ол кісілердің Шымкент қаласына көшіп келгеніне биыл 84 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Өзге ұлттың жат жұртқа келіп, жаңа өмір бастауы оңай емес. Алайда, қазақ халқы ішер асын, тұрып жатқан үйін бөлісіп, сол жандардың өмір көшіне ілесіп кетуіне үлкен көмегін тигізді. Ал тұтқында жүргендерге көмек ретінде сүттен жасалған құрт лақтырып, аштықтан аман алып қалған. Қазір бұл ел олардың да Отанына айналды. Қилы-қыстау кезеңдерде қазақ жеріне жер аударылып келген жұртты бауырына баса білген қазақ халқының дархан көңіліне басымды иемін.
Атам жер аударылу туралы шешім қабылданғанда өздерімен бірге кішкене ғана сөмкесін алып жүруге рұқсат берілгенін айтып отыратын. Ал жол бойындағы қиындыққа шыдамай, бірнеше адам қайтыс болып кетіпті. Шымкентке келген кезде барар жері, кірер үйі болмаған соң жергілікті қазақтар жанашырлық танытып, баспаналарына кіргізген, тамақтандырған. Сондай-ақ: «Бұл жерге келгенде қазақтың қамқорлығының арқасында өмір сүріп кеттік. Қазақ балаларымен құлын-тайдай бірге өсіп, тұрмыстың тауқыметін де бірлесіп өткердік», - дейтін.
Бүгінде біз ынтымағы мен татулығы, тірлігі мен бірлігі жарасып тұрған елде 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі тұрып жатырмыз. Жас ұрпақ бейбіт күнде ешқандай мәселесіз өсіп келеміз. Бәріміз Отанымызды Қазақстан деп танимыз. Біздің күшіміз – бірлігімізде. Осының арқасында уақыт көшінен қалмай, қарыштап дамудамыз. Әлемге бейбітсүйгіш мемлекет ретінде үлгі көрсетіп жүрміз. Қазір мен Қарағанды медицина университетінің 1 курс студентімін. Волонтерлер қатарындамын. Біздің ұйымда бірнеше ұлттар бар. Алайда, ұлтымыз басқа екен деп бөлінбейміз. Мұқтаж жанға көмек көрсету – парызымыз деп білеміз. Себебі – бір отбасымыз. Алда келе жатқан 1 наурыз Алғыс айту күні - біз үшін ерекше мейрам. Өткенге көз жүгіртіп, тарих қойнауына үңілер болсақ, ата-бабаларымыз көптеген қиын кезеңдерді бастан кешкенін көреміз. Еліміздің әрбір азаматы біздің көпұлтты қазақстандық отбасымыз өткен ғасырдың аумалы-төкпелі жылдары біраз жанның тағдырын бір шаңырақта тоғыстырып, соның нәтижесінде егемен ел болып қалыптасқанын түсіндік. Халқымыз бұл елдің жақсылығын ешқашан ұмытқан емес. Аталарымыз Құран оқылған тұста қазақ халқын батаға қосып отыруды әдетке айналдырған. Қанша уақыт өтіп, қандай заман келсе де, тарих ұмытылмайды. Қазақ халқының кеңдігі мен жомарттығы, мейірімділігі мен жасаған жақсылығы да ұмытылмақ емес. Бауырмал, кеңпейіл қазақ халқына алғысымды білдіремін.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы