
24 Ақпан, 2022
384
Өткенді жадыда сақтау қоғамды ұйыстырады
Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Халықтардың Қазақстанға жер аударылуының негізгі себептері, кезеңдері және салдары: тарихи түсінік тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараға Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әмреев, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ таяу шетелдерден - Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан елдерінің өкілдері
Халықаралық конференция ХХ ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстанға күштеп қоныс аударылған түрлі этностар депортациясының тарихына арналады.
«Бұл тақырып - әрбір қазақстандық үшін емделмейтін жара. Қуғын-сүргін алаңы арқылы Қазақстаннан 100 мыңнан астам қазақстандық өтіп, олардың 25 мыңнан астамы атылғанын бәріміз білеміз. Бірақ, ата-бабаларымыздың ерлігі мен төзімділігі ауыр сынақтардан лайықты өтіп, біртұтас ұлтқа бірігуге мүмкіндік берді», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.
Спикердің айтуынша, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға бұрынғы Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды және осы қайғылы кезеңде ондаған мың месхетин түріктері басқа этностармен қатар жер аударылды.
«Қазақ ССР-не 29 мыңға жуық месхитин түріктері, 800 мың немістер, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 102 мың поляктар, 19 мың кәріс отбасылары жер аударылды. Мыңдаған адам құрбандары мен халыққа үлкен нәубет әкелген сол жылдардағы қантөгіс туралы естелік әрбір қазақстандықтың жүрегінде қайғылы із қалдырды. Біз мұны білеміз және біз оны әрқашан есте сақтаймыз.», - деп түйіндеді М.Әзілханов.
Өз кезегінде, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан қоғамды біріктіру мен тарихи сананы қалыптастыруда халықаралық конференцияның орасаң зор маңыздылығын тілге тиек етті.
«Тарихи жадыны сақтау ризашылықпен ұштасары сөзсіз. Біздің этностар тағдырдың ауыр сынақтарынан өтті. Бірақ кеңпейіл де қонақжай қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алып, қабылдады. Біз осынау қамқорлықты үлкен ризашылықпен жадымызда сақтап, жас ұрпақтың санасына жеткізіп отыруымыз өте маңызды. Өйткені тарихи жадыны сақтау біздің қоғамды біріктіреді», - деп атап өтті ол.
Конференцияға қатысушылар Халықаралық еске алу күнін белгілеуді, елдің этникалық депортация және күштеп көшіру бойынша құпия мұрағаттық құжаттарды ашу туралы тиісті заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, жаппай қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ ұрпақтарының депортацияланған ата-бабаларының мәңгілік мекен тапқан жерлеріне баруы үшін 1 наурыз - Алғыс айту күнін күнтізбеде қызыл күн ретінде белгілеуді ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Марат Әзілхановтың «Иверия» грузин этномәдени қоғамдық бірлестігі» төрағасы Зураб Гедеванович Бобохидземен кездесуі өтті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Марат Әзілхановтың «Иверия» грузин этномәдени қоғамдық бірлестігі» төрағасы Зураб Гедеванович Бобохидземен кездесуі өтті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды