02 Желтоқсан, 2015
777
«Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігіне - 25 жыл
Атырау облысында «Тхоньил» корей этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай іс-сапармен келген Қазақстандағы корейлер қауымдастығы делегациясын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады.
Атырау облысында «Тхоньил» корей этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай іс-сапармен келген Қазақстандағы корейлер қауымдастығы делегациясын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады.
Кездесу барысында қазақстандық келісім, тұрақтылықты, татулық пен бірлікті дамыту мәселелері айтылды.
Облыс әкімі Б.С. Ізмұхамбетов еліміздегі ерекше құрылым– Ассамблеяның тәжірибесінен әлем елдері үлгі алғысы келетінін, тәуелсіз мемлекетіміз егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, еңсесін тіктегенін айтты. Ол делегация құрамындағы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы корей қауымдастығының президенті Роман Ким, Алматы қалалық маслихатының депутаты, Алматы қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Шин Бронислав пен Қазақстандағы корейлер қауымдастығы ақсақалдар алқасының төрағасы, профессор, математика ғылымдарының докторы Иван Пакке зор ризашылығын жеткізе отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясымен жалғасты.
Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен жастар қауымы қатысты.
Конференция жұмысына арнайы келген ҚХА төрағасының орынбасары Любовь Августовна Ни өз сөзінде қоғамдық институттың қашан да халықпен бірге екендігін айтты.
«Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» тете – президенті Денис Ким: «Корея Республикасының Конгук университетінің жанынан Қазақ мәдениеті орталығы құрылады, және ондағы мақсат – қазақтың ұлттық мәдениетін, болмысын, табиғатын әлемге таныстыру, үлгі ету, қазақ өнерін дәріптеу, жеткізу», - деді.
Іс – шара меркелік бағдарламамен аяқталды. Қонақтар мен конференция қатысушылары Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Корей мемлекеттік музыкалық комедия театры әртістерінің көрінісін тамашалады. Сондай – ақ іс – шара барысында «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Роман Ким облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанға мерекелік медалін табыстады. Аталмыш төсбелгімен Ассамблея өміріне атсалысып жүрген белсенді азаматтар – Абат Кенжеғалиев, Жаннат Асабаева, Болат Қожиев және Аркадий Ким, Екатерина Кан, т.б марапаталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті