Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2016

799

Тотальды диктант-2016

16 сәуір күні Тотальды диктант бүкіл әлемнің 2185 алаңында өткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ертіс-Павлодар өңірінің тұрғындары диктантты Павлодар, Ақсу, Павлодарское ауылы мен «Спутник» станциясының мектебінде жазды.

2014 жылы Павлодарда Тотальды диктант алғашқы рет өткізілген болатын. Павлодар қаласы тотальды диктантты өткізуге қосылған Қазақстандағы бірінші қала болды. Алғашында диктант Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілді. 2015 жылы жобаға алпысқа тарта мемлекеттің 549 қаласының 108200 тұрғыны атсалысты. Павлодардағы ПМПИ ардагері, славян мәдени орталығының маманы Наталья Александровна Колодина бұл жобаның үйлестірушісі атанды.

- Тотальды диктантқа әлемнің 80-ге тарта мемлекетінің 700 қаласы қатысады. Жобаға қатысушылардың барлығы диктантты бір уақытта бастайды. Павлодарда ол 15.00-де басталды, - деп хабарлады Тотальды диктанттың аймақтық үйлестірушісі Наталья Колодина.

   

 

Мақсат Айтпаев

 

Кейін қарай