
24 Наурыз, 2016
1056
«Той думан» ұлттық тағамдар фестивалі
Облыстық Достық үйі көктемнің күн мен түн теңескен мерекесі күні қостанайлықтар мен қала қонақтарына 18 этномәдени бірлестік жайған берекелі дастархан ұсынды. Дастарханда этностардың көптеген түрлі тағамдары: дәстүрлі наурыз көжеден бастап, бауырсақ, пахлава, самса, чак-чак, орама, пирожки, хворост, ватрушка, кекс, самбуса, барак, пампушка, кулебяка, бәліш сияқты ұлыстың тағам түрлері болды.
- Наурыз бірліктің, достықтың мерекесі, сондықтан біз дастарханға әр этносқа тән дәмді тағам түрлерін қоюға тырыстық, - деді Достық үйінің директоры Қаламқас Сандыбаева. – Осы керемет мейрам күні әр үйдің есігі қонақтарға ашық болады, біз далаға шығып дастархан жайып, көшедегі адамдарға осы күннің басты тағамы - наурыз көжеден ауыз тигіздік.
Ұлттық киімдерін киіп, әр тілде Наурыз, көктем және достық туралы өлең айтып, би билеп жатқан дастархан иелерінің қолынан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дәм татты. Мұның алдында өңір басшысы киіз үй қалашығында болып, «Бірлік» әзербайжан ЭМБ, корей ЭМБ, «Шарк» тәжік-өзбек ЭМБ, «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ және «Эребуни» армян этномәдени бірлестіктерінің киіз үйлеріне кіріп шықты. Бұл күні әрбір қауымдастық тағамдарымен бірге мерекелік бағдарламаларын да көпшілікке ұсынды. Киіз үйлердің жанында ұлттық аспаптар ойналып, сазды әуендер орындалып жатты, жігерлі жас жігіттер лезгинка биін билеп, қыздар ән шырқады.
- Наурыз даналық пен жақсылықтың мерекесі, ол сонау көне заманнан бастау алады. Қазақстан халқы үшін Наурыз көктемнің жаңғыруы, махаббаттың, бақ-берекенің және достықтың символы болып табылады. Көктем келе, алғашқы жылумен айналаның барлығы тіріліп, көктемнің ауасына жақсы өзгерістер мен шуақты келешекке деген үміт сіңетін сияқты. Осы мейрам Қазақстан халқын біріктіреді, - дейді ОҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті