06 Шілде, 2015
2305
«Туған күніңмен, Астана!»
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің нышаны, біздің ата-бабаларымыздың асыл мұраты және өсер ұрпақтың жарқын келешегі!
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің нышаны, біздің ата-бабаларымыздың асыл мұраты және өсер ұрпақтың жарқын келешегі!
Астана әлемдегі ең жас астана болып есептеледі. Қазірде бұл қала ірі іскери, дипломатиялық, сауда-саттық және мәдениет орталығы болып табылады. Бүгінде Қазақстан бейнесі сенімді де қарқынды дамып келе жатқан астанасының мықтылығымен және бүтіндігімен байланысты, құрылу барысында аса жарқын ойлар мен алдыңғы қатарлы технологиялар жүзеге асырылды.
6 шілдеде біздің жас Астанамызға 17 жыл толды. Бұл күні Отанымыздың барлық аймақтарында осы айтулы күнді мерекелеуге арналған кең ауқымды іс-шаралар өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында мерекелік іс-шара облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың құттықтау сөзінен басталды:
«Астана – бүгінгі күні табысты жүзеге асырылған, біздің Елбасының ауқымды және зор көлемді жобасы. Астана әлемге мәдениеттерді жақындастырудың және көркейтудің, жоғары инновацияларды тартудың, дипломатия мен халықаралық ынтымақтастық етудің орталығы ретінде танылды. Сіздерді шын жүректен осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Денсаулық және құт-береке тілеймін!»
Мереке веложарыспен жалғасын тапты, спортшылардың қолында – 17-метрлік көк түсті лента – Астана күнін мерекелеудің нышан белгісі. Лентаға облыс орталығы тұрғындарының құттықтаулары жазылған. Веложарыс аяқталысымен этномәдени бірлестіктердің мерекелік шеруі ұйымдастырылды.
Күні бойы орталық алаңда мерекелік іс-шаралар жалғасып, концерттік бағдарламалар бірін-бірі алмастырды. Бұған «Қоғамдық келісім» КММ облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен және басқа шығармашылық ұжымдармен бірге қатысты.
Концерттік бағдарлама атауы патриоттық сипатта – «Елдің төрі – Елорда» деп аталды.
«Осы жарқын мереке күні біз Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және өркендеу тілейміз! Сіздердің отбасыларыңызға, туысқандарыңызға және жақындарыңызға бейбіт өмір болсын! Біздің алға сеніммен қараған жас Астанамыз өркендеп, баршамыздың басымызды біріктіріп, ұлы және өркениетті ел болсын! - деп көрермендерді және барша қазақстандықтарды көпшілік іс-шаралар, тілдерді және этностар мәдениетін дамыту бөлімінің басшысы Жадыра Қазиева құттықтады.
Көрермендер әртістерді аса қошеметтеп қарсы алып, ықылас білдіре шығарып салып отырды. Қазақ, орыс, татар, армян тілдеріндегі әндер, Қазақстандағы түрлі этностардың билері жұртшылықтың көңілінен шығып, баурап алды. Көп ұлтты отанымызға деген мақтаныш сезімдері кеуделерін кернеп, біздің ортақ жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге деген құрметтерін арттырды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
Мария Чернышова
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады