
26 Мамыр, 2016
819
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ
Бұдан 9 жыл бұрын ресми түрде 31 мамыр "Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні" ретінде белгіленді. 30 жылдан астам уақыт ішінде еліміз бойынша 100 мыңнан астам адам қудаланып, олардың 720-сы маңғыстаулықтар екен. Саяси сүргіннің сызы да көзі тірі қатысушылардың күні бүгінгідей есінде. Осыған байланысты,бүгін Ақтау қалалық Кәріс этномәдени бірлестік өкілдері қуғын– сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс–шарасын өткізді. Кездесуге қаламыздағы арнаулы білім ордаларының студенттері, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Жайылханова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшысы Гүлжан Исмурзина және «Халық келісімі» ҚБ төрағасы Юсуф Шахшаев пен барлығы 200-дей адам қатысты.
Сондай-ақ жиынға қаладағы колледждердің стунденттері ат салысты. Олар елімізде түсірілген "Жерұйық" фильмін тамашалап, репрессияда қаза тапқандарға тағзым етті. «Юность» кинотеатрында өткен фильмді көруге сондай-ақ қаламыздағы «Нұр Банктың» мамандары келіп, саяси-қуғын сүргін қатысушыларына банк атынан сыйлықтар табыстады. Ал өз кезегінде Ақтау қалалық технология колледжінің студенттері өз қолдарымен тәттілер дайындап, қарияларға сый-сияпат жасап,көңілдерін серпітті. Іс–шара соңында экономика лицейінің оқушысы Антонина Тишкова кәріс тілінде ән айтып, жиналғандарды шығармашылығымен тәнті етті. Содан соң жиналғандар кәріс этномәдени бірлестік өкілдерінің қолынан жасалған картиналарды тамашалады.
Раиса МАДЕНОВА - ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АҚТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Іс–шараның мақсаты - өткенге үңіліп, тарихты зерделеу. Кешегі репрессия құрбандарын еске ала отырып, бүгінгі ұрпаққа олардың ерлігін насихаттау. Мұндай іс–шара жыл сайын өтеді.
Антонина ТИШКОВА - ЭКОНОМИКА ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Бүгін мен кәріс тілінде ән орындап, жиналғандарға жақсы көңіл күй сыйлағандай болдым. Көрермендер арасында отырған қариялардың осы әнді тыңдай отыра олардың жүрегі тебіренген сияқты. Саяси қуғын– сүргін құрбандарына арналған мұндай іс–шараға біз жыл сайын қатысамыз.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті